Абай қорық мұражайының Қазақстан Суретшілер Одағымен бірлесіп қолға алған тұңғыш шараға Астана, Алматы, Шымкент, Павлодар мен Семей қалаларынан 15 қылқалам шебері қатысты. Симпозиум барысында олар Абай, Шәкәрім, Мұхтар сынды ұлылардың ізі қалған жерлермен жүріп, көрікті де, шежірелі өңірде болып қайтты. Сапар барысында қылқалам шеберлері Күшікбай асуы, Бөрілі, Үйтас, Жидебай, Архат пен Шыңғыстауда болып, табиғат аясында плэнер өткізген. Суретшілер симпозиум барысында салған бір-бір туындысын мұражайға сыйға тартты.

МЕЙРАМГҮЛ ҚАЙРАМБАЕВА – АБАЙ МҰРАЖАЙЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

«Біздің музейімізде 800-ге жуық бейнелеу өнерінің туындысы сақталып келген. Бүгін тағы да 15 жұмыс мұражай қорына құнды жәдігер ретінде тапсырылады»

Шараның мақсаты – суретшылер назарын Абай тақырыбына кезекті мәрте аудару,-дейді мұражай қызметкерлері. Симпозиумды қорытындылаған көрме аясында бояуы әлі кеппеген 66 жұмыс келушілер назарына тұңғыш рет ұсынылды. 22 жастағы алматылық Қуаныш Өмірзақ – шараға қатысқан ең жас суретші. Осыған дейін түрлі көрмелерге атсалысып жүрген ол осы жолғы сапарында алғаш рет Абай тақырыбына қадам басты.

ҚУАНЫШ ӨМІРЗАҚ – ЖАС СУРЕТШІ

«Мұндай симпозиумдар әлі көп болады деп ойлаймын. Бұл біз сияқты жас суретшілер үшін өте қымбат. Біз осындай сапарлардан өзімізге үлкен қор, мағлұмат жинап шабатамазды әрі қарай шыңдай түсеміз»

Мұражайға келушілер көрмені 1 ай көлемінде тамашалай алады. Бұл суреттер болашақта Елорда мен оңтүстік астанада ұйымдастырылатын арнайы көрмеге қойылмақ. Айта кетерелігі, мұражай басшылығы алдағы Абай Құнанбаевтың туған күніне орай, «Шыңғыстау» сурет галереясын ашуды жоспарлап отыр.

 

Р.М. Елжан Мағзұмов СЖҚ