2026 жыл Тұрақты даму мақсаттарындағы Халықаралық волонтерлер жылы ретінде әлемдік деңгейде аталып өтпек. Бұл бастама – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы бекіткен тарихи шешімнің жалғасы. Статистикаға сүйенсек, елімізде 200 мыңнан астам белсенді волонтер, 800-ге жуық волонтерлік ұйым және 2 мың бастамашыл топ жұмыс істейді. Волонтерлік қызметті дамыту үшін 2024–2026 жылдарға арналған арнайы Жол картасы қабылданған. Бүгін Астанада халықаралық волонтерлер жылына арналып Мемлекет басшысының қатысуымен форум өтуде. Оған Абай облысының жастары да қатысуда.