Қазір мектеп оқушылары мен студенттер толыққанды түскі асын көбіне фаст фудқа алмастырады. Жылдам әрі дәмді болғанымен, калориясы өте жоғары. Дәрігерлер мұндай тағамды тұрақты түрде тұтыну артық салмаққа және бірқатар ауыр дертке алып келеуі ықтимал, дейді. Балалар мен жасөспірімдердің дұрыс тамақтану мәселесі Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында да көтерілді.