Бүгін аймақ басшысы Берік Уәлидің төрағалығымен облыс әкімдігінің отырысы өтті. Жиында облыстың 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен 2026 жылға арналған міндеттер қаралды. Отырысқа облыстық басқарма басшылары мен өңірлік департамент жетекшілері қатысты. Қала және аудан әкімдері бейнережимде қосылды. Даму көрсеткіші төмен аудандардың жұмысына сын-ескертпе айтылып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктелді.