Соңғы жылдары хэйр-стилист мамандығына сұраныс айтарлықтай артқан. Бүгінде шаш әрлеу ісі жеке стиль мен өзін-өзі танытудың маңызды тетігіне айналып отыр. Қазір хэйр-стилист тек шаштараз ғана емес, тың образ қалыптастыратын шығармашыл маман ретінде бағаланады. Сондай шаш шеберінің бірімен әріптесім Ерасыл Кенжебек танысып қайтты.