Бүгін аяз бәсеңдегенімен, күні кешегі қақаған аязды әлі ешкім ұмыта қоймаған шығар. Аязды күндері көлік күткен жолаушыларға пана болуы үшін соңғы жылдары «жылы аялдамалар» іске қосылған. Қаладағы кейбір жылы аялдамалардың халі аянышты. Сынған есіктері, бүлінген әйнектері мен жарамсыз жабдықтары бірден көзге түседі. Осы қала халқына жасалған дүниені шағу үшін адамдар сырттан келмейді, бүлдіріп жүрген өз тұрғындарымыз.