18-нен 19-на қараған түні атап өтілетін Крещение мерекесіне орай Абай облысында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған арнайы жоспар әзірленді. Суға шомылу кезеңінде құтқарушылар, дәрігерлер мен полиция қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік атқаратын болады.