Жасанды зерденің өмірімізге жаппай енуі технологиялық прогрестің кезеңі ғана емес, еңбек нарығын түбегейлі өзгертетін жаңа дәуірдің бастауы. Бүгінде автоматтандыруға бейім мамандықтар қатары күткенімізден де жылдам артып келеді. Көптеген сала жаңа сипатқа ие болып жатқан шақта, ЖИ адамның орнын баса ма, әлде оның мүмкіндігін кеңейте ме, деген сауал ойландырады.