Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында жазушы, ғалым, абайтану ғылымының негізін қалаушы Қайым Мұхамедхановтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Кемел ойлы, кемеңгер ғалым – Қайым Мұхамедханов» атты еске алу кеші өтті. Шара ғалымның туғанына 110 жыл толуына орай ұйымдастырылды.