Абай облысында күн құбылып тұр. Кеше сулы қар жауды. Оның арты кешқұрым қарлы боранға ұласты. Ұйтқи соққан желдің екпіні де қатты болып, облыс арқылы өтетін бірқатар республикалық жол жабылды. Алдағы күндері аяз болады деген де болжам бар. Қазір жол мамандары мен тәртіп сақшылары күшейтілген режимде жұмыс істеуде.