«Армияда темірдей тәртіп болуға тиіс. Сарбаздар ант бергенде айтатын «Әскери қызметтің ауыртпалықтары мен қиыншылықтарын табандылықпен көтеремін», деген сөзден әскери өмірдің қатаңдығын айқын аңғаруға болады». Әскерге ішкі дайындықпен баруға тәрбиелеу маңызды. Семейдегі қарағайлы орман маңында орналасқан демалыс орындарының бірінде патриоттық бағыттағы мазмұнды жиын ұйымдастырылды. Оған 30217 әскери бөлімі, Абай облысы қорғаныс істері департаменті және Ұлттық әскери - патриоттық орталықтың әскери оркестрі мен өнерпаздары қатысты.