ДЕПУТАТ АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТАУАРЛАРЫН ӨНДІРУШІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Абай облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Жигули Дайрабаев өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Түркістан» газетіне берген сұхбатында ауыл шаруашылығы саласына жүктелген міндеттердің орындалу барысы талқыланды.