Бүгінде автомобильге арналған VIP нөмірлер жай ғана сәндік элементі емес, толықтай заңды нарықтық өнім саналады. 2026 жылдан бастап олар қолжетімді бола түсті. Енді дайын тізімнен таңдап қана қоймай, өзіңіз қалағанына тапсырыс беруге болады. Автокөлік нөмірлерін рәсімдеу жайы өңірлік коммуникация қызметі алаңында сөз болды.