Қаңтардың 18-нен 19-на қараған түні христиан дініндегі Крещение мерекесі аталып өтіледі. Дәстүрге сай мұз ойығында шомылу рәсімі өткізілмек. Бұл ретте қауіпсіздік шараларын естен шығармаған абзал. Семей қаласының Төтенше жағдайлар басқармасында өткен брифингте осы жайлы айтылды.