Қазақстанның бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2026 жылды Орнықты даму мақсатындағы халықаралық еріктілер жылы деп жариялау туралы қарарды қабылдады. Аталған бастаманы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясында өткен жалпы саяси пікірталастар барысында көтерген болатын. Халықаралық деңгейде қабылданған бұл шешім еліміздегі еріктілер қозғалысына жаңа серпін беріп отыр. Соның ішінде Абай облысының жастары да алдағы халықаралық еріктілер жылына дайындықты бастап кетті.