10 қаңтар - Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы күні. Қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңбұзушылықтың алдын алу сынды маңызды міндеттер жүктелген бұл әскери құрылым Отан игілігі үшін қызмет атқарып келеді. 2015 жылы 10 қаңтарда «Ұлттық ұлан туралы» Заңға қол қойылып, оның құқықтық мәртебесі бекітілген еді.