Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында «Жасанды интеллект - заман талабы» тақырыбында танымдық сұхбат алаңы өтті. Кездесу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялауына орай ұйымдастырылды. Жиынға IT саласының мамандары, жастар мен оқытушылар қатысып, жасанды интеллекттің дамуы мен болашағын талқылады.