Абай облысының әкімі Берік Уәли жаңадан ашылған нефрологиялық орталықтың жұмысымен танысты. Аймақ басшысы мекеме ғимаратын аралап, емдеу жүйелерінің жай-күйін көрді. Сондай-ақ, Берік Уәлиұлы өңірдегі іргелі оқу орындарының бірі Семей Білім-инновация лецейінде болды. Білім ошағының қызметкерлерімен тілдесіп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.