Алдағы күндері Абай облысында ауа температурасы 30 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Аязды күндері жол қызметкерлері, тәртіп сақшыларымен қатар төтенше жағдайлар мамандары үшін де мазасыз кезең. Өйткені, суық түскен кезде тұрғын үй секторында өрттің шығу қаупі артады. Оның үстіне Семейде жылу беру маусымы басталғалы 91 өрт оқиғасы тіркелген. Тілсіз жаудан 1 адам көз жұмып, 6 адам зардап шекті. Құтқарушылар жер үйлерде түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.