Семейлік Анатолий Савенко Паркинсон дертімен күресіп келеді. Сырқатына мойынсұнбай, өмірге құштарлығын еңбегі арқылы дәлелдеп келеді. Ағаштан түрлі бұйымдарды ойып жасап, қолөнерімен тамсандырады. Сүйікті ісіне кіріскен сәтте қолындағы діріл басылып қалады. Дертіне сүйікті ісінен шипа тапқан жанмен әріптесім жүздесіп қайтты.