Әлеуметтік желілерде Семей қаласының орталық бөлігінде судың жиі өшетіні жайлы ақпарат тарауда. Қала тұрғындарынан күндіз де, түнде де су беруде үзілістер болатыны туралы шағым бар. Осы ақпараттың анық-қанығын «Семей су арнасы» кәсіпорнынан білдік.