Ұлы даланың өшпес тарихында сақ дәуірінің алар орны айрықша. Сол дәуірдің бізге жеткен кереметінің бірі ретінде «Сақ моншасын» ерекше атауға болады. Семейлік этнограф әрі шаңқобызшы Серәлі Құсманұлы үш айдан астам уақытта «Сақ моншасын» салып шықты. Тарихын тасқа қашап жазып, құнды деректер мен мол мұра қалдырған сақтардың моншасы көшпенділер өркениетінің жауһары десек те болады. «Сақ моншасының» арғы – бергі тарихына әріптесім Ерзат Жанатұлы үңіліп көрді.