Биыл 5 қаңтардан бастап еліміз бойынша «Халық бухгалтері» акциясы басталды. Қаржы министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған бұл жоба жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес өкілдеріне бухгалтерлік есеп жүргізу және салық төлеу мәселелері бойынша тегін әрі тәжірибелік көмек көрсетуге бағытталған. Акция 30 маусымға дейін жалғасады.