Бүгін - Қазақстанның Қарулы күштерінде тәрбиешілер институтының құрылған күні. Нақтылай түссек, 1993 жылдың 19 қаңтарында Президенттің Жарлығымен қазақ әскерінде командирлердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарларының институты құрылды. Бұл шешім елдің әскери жүйесін нығайтуда маңызды қадам болды. Тәрбиеші офицерлердің қызметі ресми деңгейде бекітіліп, оларға қойылатын талаптар мен міндеттер нақты айқындалды. Атаулы күн қарсаңында Семейдегі Ұлттық ұланның 5511 әскери бөлімінде тәрбиеші офицерлердің жұмысымен танысудың сәті түсті.