Абай облысында 114 адам бүйрекке, 4 адам бауыр трансплантациясына мұқтаж. Дәрігерлердің мәліметінше, өңірде ағза донорлығына деген оң көзқарас қалыптасып келеді. Бүгінге дейін eGov мобильді қосымшасы арқылы 3 мыңға жуық тұрғын қайтыс болғаннан кейінгі донор болуға ниет білдірген. Мамандар бұл көрсеткіш адам өмірін сақтаудағы маңызды қадам екенін айтып отыр.