Абай облысында мемлекеттің қолдауымен шағын және орта бизнес қарқынды дамып келеді. Қайтарымсыз грант алып, ауылдық жерде кәсібін бастағандардың қатары артқан. Жарма ауданының тұрғыны Думан Бейсенбекұлы аяқ киім тігетін шеберхана ашты. Оның өнімі талғамы жоғары тұтынушының көңілінен шығып жатыр.