Бүгін Абай облысының әкімі Берік Уәли Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде өтіп жатқан «Ұлы дала қазынасы» атты көрмесін тамашалады. Көрме көшпелі өркениеттің асыл мұраларын қамтыған. Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі ұсынған археологиялық жәдігерлер шынында да теңдесі жоқ, бірегей құндылықтар.