Былтыр 13 мемлекеттік қызметші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардан 250 мың теңге айыппұл өндірілген. Сондай-ақ өткен жылы әдеп ережелерін бұзғаны үшін 10 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапқа тартылды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында мәлім болды. Кеңестік күн тәртібінде құқық бұзушылықтарды алдын алуға қатысты өзге де мәселелер қаралды.