Қазақстанда балалардың әлеуметтік желіні пайдалануына шектеу қойылуы мүмкін. Ұлттық құрылтай отырысында Мәжіліс депутаты Сергей Пономарёв балалардың ойлау қабілеті нашарлап, аналитикалық дағдысы дамымай жатқанын алға тартып, онлайн платформаларды шектеу туралы ұсыныс айтты. Құрылтай мүшесі халықаралық тәжірибеге назар аударып, шетелде жасөспірімдердің 14 жасқа дейін, кейбір елдерде тіпті 16 жасқа дейін желіге тіркелуге тыйым салынғанын айтты.