Білім мен цифрлық инновациядағы серіктестік. Облыстық Достық үйі, №50 IT мектеп-лицейі, IT және жаңа технологиялар жоғары колледжі және «Abai IT-Valley» технологиялық кластері өкілдері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар цифрлық технологияларды білім беру бағдарламасына енгізуге, оқушылардың IT, инженерлік және жобалық ойлау қабілетін дамытуға, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының құндылықтарын заманауи цифрлық форматта насихаттауға уағдаласты.