Елімізде балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желіге қолжетімділігін шектеу мәселесі өзекті тақырыптардың біріне айналды. Премьер министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша, Ұлттық құрылтайдың V отырысында берілген тапсырмалар аясында бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформалардың қызметін реттейтін заңнамаға өзгерістер әзірленіп жатыр. Атап айтқанда, балалардың әлеуметтік желілерге қолжетімділігін шектеу, пайдаланушылардың жасын тексеру тетіктерін енгізу және талапты бұзғандарға жауапкершілік қарастыру көзделуде.