Өңірде денсаулық сақтау саласында оң өзгерістер көп. Емдеу мекемелері заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталып, көліктері жаңартылуда. Бүгін Семейдегі екі ірі медицаналық нысанға облыс әкімі Берік Уәли барды. Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына 10 санитарлық автокөліктің кілтін табыстаса, Ядролық медицина және онкология орталығында жаңа құрылғыларды іске қосу рәсіміне қатысты.