Ежелгі кітаптар, архивтік деректер, қолжазбалар мен жәдігерлерді қамтитын мәдени мұра - тарихтың қоймасы. Оларды сақтау - музейлердің, архивтер мен кітапханалардың басты міндеті. Жыл сайын елдің, туған өлкеміздің тарихын зерттеуге қызығушылық танытатындар артып келеді. Қолда бар құнды құжаттарды да жиі қолданғандықтан, оның бүліну қаупі де жоғарылай түседі. Сондықтан, деректерді цифрландыру - цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Мемлекет басшысы алға қойған негізгі міндеттердің бірі. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жайы келесі сюжетте.