Семейде №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы жанынан 100 орындық жаңа корпус пайдалануға берілді. Жаңа ғимарат тиісті мемлекеттік стандарттарға сәйкес стационар жағдайында 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар 400 қызмет алушыға, сондай-ақ бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді Жоба мемлекетке қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылған.