Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы ауқымды реформаларды талқылаудың маңызды алаңы болды. Негізгі идея – реформалар бір реттік шара емес, қоғамның барлық саласын қамтитын үздіксіз жаңару үдерісі дегенге саяды. Мәселен, құқық қорғау және сот жүйесіндегі реформалар азаматтардың құқықтарын қорғаудың берік негізі ретінде аталды. Лудоманияны, нашақорлықты және тұрмыстық зорлық-зомбылықты жою үшін заңнамалық және қоғамдық реформалардың қажеттілігі ашық айтылды.


Бесінші отырыста «Әділетті Қазақстанды» құру бағыты бекітіліп, реформалардың баршаға тең мүмкіндіктер жасауға және ұлттың жаңа этикасын қалыптастыруға бағытталды. Сондай-ақ қоғамдағы құндылықтар – еңбекқорлық, жауапкершілік және білім өзгермейінше, ешбір мемлекеттік өзгерістер тиімді болмайтыны ерекше атап өтілді.