Қазақстанның Халық әртісі туған жерге қызмет етуге келді. Күйші – сазгер Секен Тұрысбеков Семейдегі Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияны басқарады. Өнердің тұнығын ғана ішкен тау тұлғаның туған жерге келгенін естігендер елеңдеп, көргендер қуанып жатқаны, рас. Күйшінің өзі болса, Абай елі – мәдениеттің мәйегі, оған қызмет ету перзенттік парыз, дейді.