Әлеуметтік желіде бөтен әйелден қашқан Семей тұрғынының видеосы тараған еді. Бойжеткенді бөтен әйел адам қорқытқан. Артынан қалмай, ерегескені де видеодан көрінеді. Сол жағдайдан шошып қалған қыз бала көріністі желіге жүктеп, ол ролик жылдам тарады. Подъезге кірмек болған қыздың артынан іле-шала еріп келген бейтаныс әйел дөрекі сөздер айтып, дау шығарады. Қыз бала таныс емес әйелді бірінші өткізбекші болады. Алайда ол бірінші өзің кір, деп ішке енбеген. Қорыққан әйел бірден туысына хабарласып, ол көмекке келеді. Үрейленген қыз камераны қосып, түсіре бастағанда бейтаныс әйел адам бірден өзгеріп сала береді. Бұл жағдай 25 қаңтар күні Қарағайлы ауданында таңғы 03:21-де болған. Қазір осы оқиға тергелуде.