Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімі кеңейтілді. Сауда және интеграция министрлігінің бұйрығына сәйкес, енді бұл санатқа 31 түрлі өнім кіреді. Жаңа өзгерістер инфляцияны тежеуге, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуге бағытталған. Өңірлік коммуникациялар орталығындағы жиынға осы тақырып өзек болды.