Қазақстан халқы Ассамблеясы тарихи миссиясын аяқтады. Оның орнына жаңа орган – Қазақстанның Халық кеңесі құрылады. Бұл туралы Президент Құрылтай отырысында айтқан болатын. Кеңес құрамына 126 адам ұсыну көзделіп отыр. Оған барлық аймақ өкілдері кіреді. Ал Қазақстан халқы Ассамблеясы нәтижелі қызмет атқарып, елдің ұйытқысы бола білді. Енді бұл міндет жаңа органға тапсырылады.