Биылдан бастап Қазақстанда қосылған құн салығын әкімшілендіруде ауқымды өзгерістер күшіне енеді. Мемлекет басшысы қол қойған жаңа Салық кодексіне сәйкес ҚҚС мөлшері өсіп, тіркеу шегі төмендейді. Сонымен қатар медицина, ауыл шаруашылығы салалары үшін бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Жаңа талаптар бизнесті ашық жүргізуге және салық жүйесін әділ етуге бағытталған.