Семейде киокушин-кан каратэдан «Tora Cup 2026» халықаралық жарысы өтті. Онда 500-ден астам спортшы бақ сынады, өзара мықтыны анықтады. Бұл дүбірлі доданы үлкен спорттық оқиға десе де болады. Өйткені, жарысқа қатысушылардан бөлек, есімі әлемге мәшһүр спортшылар құрметті қонақтар қатарынан табылды.