Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов балалар мен жасөспірімдерді дұрыс тамақтандыру мәселесін көтерді. Олжас Бектенов қазіргі уақытта балалар мен жасөспірімдер фастфуд пен энергетикалық сусындарға құмар екенін айтып, Денсаулық сақтау министрлігіне тапсырма берді. Тапсырма бойынша 1 ақпаннан бастап барлық білім беру ұйымына "тосыннан кіріп келу" қағидаты бойынша ерекше бақылау мен қадағалау енгізіледі. Тексерулер балаларды сауықтыру, олардың қауіпсіздігі мен тамақтану сапасына қатысты болады. Бұл туралы семейліктердің пікірін білген едік.