Ұлттық құрылтай мәдениет саласындағы қордаланған мәселелерді шешуге бағытталған маңызды алаңға айналды. Мемлекет басшысы өз сөзінде: ұлттың рухани дамуы заманауи инфрақұрылымсыз және мәдени мұраға деген құрметсіз мүмкін еместігін атап өткен еді. Президент бірнеше шығармашылық ұжымның бір ескі ғимаратта орналасуы елдің мәдени орталығы үшін мүлде жол берілмейтін жағдай екенін айтты. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Абайдың тек қазақ халқының емес, әлемдік деңгейдегі ойшыл екеніне үнемі тоқталады. Президенттің айтуынша, Абайдың ілімі «Адал азамат» тұжырымдамасы аясындағы жаңа қоғамдық этиканың негізіне айналуы тиіс.