Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен жиында жылдың экологиялық бақылаулары қорытындыланды. Онда Семей қаласында қоршаған ортаға кері әсерін тигізіп отырған кәсіпорындар аталды. Экология департаментінің мәліметінше, тексерістер барысында ондаған заңбұзушылық тіркеліп, салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 90 миллион теңгеден асты.