Бүгінде Әділхановтар әулетінің тегі теміржол саласымен етене, тығыз байланысты. Отбасы құрамында 11 адамның барлығы да депо, вагондар, рельстер мен теміржол техникасымен байланыста. Әулеттің жалпы еңбек өтілі — 233 жыл. Әділхановтар теміржолды жай ғана жұмыс орыны емес, отбасын біріктіретін тұтас өмір салты деп есептейді.
РҮСТЕМ МЕДРЕС, ТЕМІРЖОЛ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Мен 4 поколенияда теміржол саласында қызмет етемін, қазір теміржолшылар династиясының ең ұзақ еңбек еткен облыс бойынша марапат ұтып алдық. Атамның атасы теміржолшы болған, өз атам теміржолшы болған, әкемде теміржолшы, менде сол поколениеде теміржолшымын, мен өзім қызмет етіп жатқаныма теміржол саласында 20 жыл болды. Әкем тоже теміржол саласында тоже вагонник, 43 жылдай қызмет етті, Алла жазса келесі жылы пенсияға шығады.
Рүстем Медрес өз мамандығы бойынша алғашқы қадамын 2005 жылы Аягөз вагон жөндеу депосында бастады. Ол еңбек жолын дөңгелек жөндеу цехыннан бастап, кейін бригада басқарды, шебер болып жұмыс істеді. Бас технологқа лауазымына дейін өсті. Қазір ол Балқашта тұрып, күкірт қышқылын тасымалдауға арналған арнайы цистерналардың техникалық диагностикасына жауап береді.
РҮСТЕМ МЕДРЕС, ТЕМІРЖОЛ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Бізде Аягөз ауданның өзі — шағын ғана ауыл, теміржолға өте жақын орналасқан. Әкем сол теміржол саласында қызмет еткен соң, біз де бала кезімізден сол депо маңында жүретінбіз. Ол кездер біз үшін өте қызықты болатын. Мен кішкентайымнан қолмен жұмыс істегенді жақсы көретінмін. Темір бөлшектерді сұрыптап, вагондарды көріп, оларды қалай құрастыратынын бақылау маған ерекше әсер ететін. Сол сәттер мені теміржол саласына баурап алды.
Әділхановтар отбасының тарихы мамандыққа деген сүйіспеншілікті ұрпақтан ұрпаққа берілуіне дәлел бола алады. Олардың «Үздік еңбек әулеті - 2025» байқауындағы жеңісі еліміздің болашағының мықты іргетасын қалаушы барлық еңбекқор азаматтарға деген құрметтің символына айналды.
АЯУЛЫМ ҚАЙРАТҚЫЗЫ