Семей қаласының Төтенше жағдайлар басқармасында 2024-2025 жылдардағы жылыту кезеңін қорытындыланды. Мамандардың айтуынша, өткен маусымда қаланың тұрғын үй секторында 196 өрт тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 65 жағдайға көп. Толығырақ келесі бейнематериалда.
Өрттен 5 адам қаза тауып, 7 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды, оның 1-еуі бала. Төтенше жағдайдың орын алуына пеш пен электр жабдықтарын орнату мен пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау себеп болып табылады. Соның салдарынан азаматтар көміртегі тотығымен уланып қаза тапқа, түрлі жарақаттар алған.
БАУЫРЖАН ҚУАНЫШБАЕВ, СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ТЖБ БАС МАМАНЫ
«15 жағдай тіркелді, онда 6 адам қайтыс болды, 19 адам зардап шекті, оның ішінде 3 бала. Көміртегі тотығымен уланудан адам өлімінің себептері: тазартылмаған мұржалар, пеште тартудың болмауы, плитадағы жарықтар, жылыту пештері құдықтарының қабырғалары. Адамдардың өмірін сақтау мақсатында халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде жан-жақты шаралар қабылданып жатыр».
Тұрғын үй секторындағы төтенше жағдайдың алдын-алу, өртте адам шығынына жол бермеу үшін Абай облысы ТЖД бастығының бұйрығымен 2025 жылғы 5 қыркүйек пен 5 қазан аралығында облыс аумағында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» жарияланды. Биылғы жылдың шілде айында Семей қаласының әкімдігі халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын жеке тұрғын үйлердегі мұржаларды тазарту үшін 3 түтін сорғыш бөлді. Құрылғылардың көмегімен мамандар күн сайын жоғарыда аталған азаматтардың түтін құбырларын тазалайды.
БАУЫРЖАН КУАНЫШБАЕВ, СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ТЖБ БАС МАМАНЫ
«Жергілікті атқарушы билік органдарының ақпаратына сай Семей қаласында 1500-ға жуық осындай отбасылар бар. Біз, яғни, ТЖБ, күнделікті жеке құрам, аталған отбасылардың үйлерін аралап, пештерін қарап, белгілі бір ақаулықтары анықталған жағдайда сол кісілерге нұсқамалар беріп, басқа да түсініктеме жұмыстарын жүргізіп».
Жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін құтқарушылар үйге көміртегі тотығын анықтайтын құрылғы орнатуды ұсынады. Халықтың әлеуметтік осал топтарына қажетті құжаттар негізінде дабыл құрылғыларын тегін алуларына да мүмкіндік жасалған. Семей қаласының ТЖБ мұржалар мен пеш құдықтарын уақтылы тазалауды, балаларды жанып тұрған пешке жібермеуді және өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауды ұсынады.
СҰЛТАН ЖОЛАМАНОВ