Семейде жергілікті атқарушы органдар мен олардың құрылымдық және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қызметкерлеріне арналған көшпелі оқыту семинары өтті. Жиында ҚР Бас прокурорының бұйрықтары мен Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс нормалары талқыланып, «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесінің жаңа мүмкіндіктері таныстырылды.
Семинардың мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттырып, заңнамаларды түсіндіру. Сондай-ақ, цифрлық жүйелерді пайдалану дағдыларын жетілдіру мәселесі де талқыланды, бұл жиында.
ДИЛЬНАЗ ҚҰРМАНОВА, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІНІҢ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ ПРОКУРОРЫ
Бұл тақырып белгілі бір сала шеңберіндегі техникалық мәселе сияқты көрінгенімен, шын мәнінде ол мемлекет пен қоғамның өзара байланысының өзегінде тұр. Азаматтардың өтініштерін қабылдау, тіркеу - билікке деген сенім мен басқару тиімділігіне тікелей байланысты.
Кездесу барысында білімді басқару, Бірыңғай білім қорын толықтыру әдістемесі және азаматтарды қабылдау тәртібі түсіндіріллді. Соңғысы қазіргінің өзекті мәселесі. Семинар спикерлері өтініштер мен жолданымдарды қарастыру турасында баяндады.
НҰРЫМ МҰРАТҚЫЗЫ , АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ ӘКІМШІЛІК БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
Әкімшілік рәсімді қозғаудың негіздері болып, жолданым және әкімшілік органның, лауазымды тұлғаның бастамасы саналады. Жолданым келіп түскен жағдайда әкімшілік рәсім жолданымды қабылдаған сәттен бастап қозғалған болып есептеледі. Әкімшілік рәсімдік процестік кодекс өтініштерді екіге бөледі: әкімшілік рәсім және оңайтылған әкімшілік рәсім.
Жиынға Астана қаласынан және өңірлерден шақырылған салалық мамандар қатысып, қатысушылар өзекті сауалдарына жауап алды. Оқыту семинары екі күнге жоспарланған.
ЕРАСЫЛ КЕНЖЕБЕК