Абай елі, Семей жері - тұңғыштар мекені. Семей – Алаштың алғашқы астанасы, қазақ футболының іргесі қаланған мекен. Осы тұңғыштар елінде тұңғыш рет қала әкімінің сайлауы өтеді. 12 қазан күні семейліктер қала әкімі сайлауында өз таңдауларын жасайтын болады.
Бұл - еліміздегі қала әкімдері тікелей сайланатын алғашқы сайлау. Бастапқыда сайлауға қатысуға 8 кандидат ниет білдірген. Алайда, үш үміткер Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің талаптарына сай емес болып шықты. Ал тағы бір кандидат өз еркімен кандидатурасын алып тастады.
ГҮЛЖАН ҚУАНЫШЕВА, СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ
Бұл Қазақстан бойынша тұңғыш рез өткізіліп жатқан облыс орталығындағы қала әкімінің сайлауы. Былтырғы жылдары екі аудан – Курчатов қаласында және Абай ауданында пилотный проект аудан әкімдері сайлауы өткен болатын. Бірақ 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл Заң күшіне еніп, тұнғыш рет бізде сайлау өткізіліп отыр. Басқа ешқандай ерекшелік жоқ, алгоритмі барлық сайлауларда бірдей.
ТІЛШІ: Осылайша, аумақтық сайлау комиссиясына 4 үміткер тіркелді. Олар Бекжасаров Айболат, Қожанбаев Әділет, Тулеуов Қуаныш және Шапатов Қанат. Тіркелген кандидаттарға өз бағдарламаларын сайлаушыларға таныстыру үшін 11 қазан, түнгі сағат 12:00-ге дейін уақыт берілген. 11 қазан тыныштық күні. Бұл күні кез келген үгіт-насихатқа тыйым салынады.
ГҮЛЖАН ҚУАНЫШЕВА, СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ
16 қыркүйектен 18:01-ден осы 4 кандидат үгіт-насихат жұмыстарын бастай беруге құқылы. Агитация орындары, кездесу орындары барлығы қала әкімінің сайтында жарық көрген. Әрбір кандидаттың өзінің штабы жұмыс істейді. Сол штаб қалай жұмыс істейді, үгіт - насихат солай жүреді. Үгіт насихатты жүргізуге аумақтық сайлау комиссиясының құзыреттілігіне енбейді.
Сайлау күні Семей қаласында 128 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Олардың 110-ы ашық, 18-і жабық. Қазіргі уақытта осы учаскелерде дайындық жұмыстары жүруде. Сайлауға шамамен 220 мың сайлаушының қатысатыны күтілуде.
ЕРЗАТ ЖАНАТҰЛЫ