Семейде жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылды. Бұл - азаматтық қорғау саласының инфрақұрылымын нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Жаңа нысанның ашылу салтанатына Абай облысының әкімі Берік Уәли мен Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов қатысты. Айта кетейік, елімізде өрт сөндіру мұнарасы тұңғыш рет Семейде салынды деп мақтанғанымызбен, соңғы 30 жылда жаңадан бірде-бір өрт сөндіру бекеті салынбаған екен.

«Бұл - өңіріміздің қауіпсіздігін арттыруға, халықтың амандығын қамтамасыз етуге арналған үлкен қадам», деді облыстың әкімі. Облыста азаматтық қорғау жүйесін дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Төтенше жағдайлар департаментінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға облыстық бюджеттен 1 млрд. 300 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді. Нәтижесінде 200-ден астам заманауи техника сатып алынды.

БЕРІК УӘЛИ, АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Халықты төтенше жағдай кезінде жедел хабардар ету үшін 100-ден астам сиреналық-дыбыстық құрылғылар орнатылып, бұл көрсеткіш алдағы жылдары толық қамту деңгейіне жеткізілмек. Сонымен қатар, өңірде жаңа өрт сөндіру деполарының, құтқару станцияларының құрылысы басталды. Жуырда ғана Алакөл жағалауындағы Қабанбай ауылында өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді. Алдағы уақытта да Семей қаласы мен аудандарда бірнеше нысан салынады. Бұның бәрі – ел қауіпсіздігіне, халықтың тыныштығына жасалып отырған нақты іс-шаралар.

Өрт сөндіру бөлімінде барлық жағдай қарастырылған. Жеке жасақтың спортпен шұғылдануына, тынығуына мүмкіндік жасалған. Жатын орындары міне, мынадай. Құтқарушылардың керек – жарақ құрылғылары да су жаңа. 6 арнайы техникаға орын қарастырылған. Нысан бар-жоғы 4 айдың ішінде бой көтерді. Құрылыс «Демеу Қазақстан қоры» корпоративтік қоры есебінен қаржыландырылды. Рас, 30 жылдан бері өңірде мұндай өрт сөндіру бекеті салынбапты.

ШЫҢҒЫС ӘРІНОВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ
Құрылыс тұрмақ, ешбір күрделі жөндеу жұмысты жүрмеген 30 жылда. Оның бәрін қолға алдық. Қазіргі таңда, бірте – бірте, осы бірінші қадам. Әлі де әкіммен бірлесіп, жоспар құрып жатырмыз. Абай өңірінде тура осындай өрт сөндіру бөлімдері, құтқару бөлімдері бүкіл өңір бойынша салатын ойымыз бар.

«Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында қияндағы Қайнар мен Архат ауылына автокөлік берілді. Жазда дала өрті жиі болатындықтан, бұл көліктер ауыл еріктілеріне үлкен қолдау. Көліктің кілтін алуға келген әкімдер солай дейді.

РИНАТ МОЛДАХАНОВ, АРХАТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
Бұл біз үшін өте үлкен жаңалық. Үлкен қолдау. 00:38 скл 00:42. Біздің ауылда өрт сөндіру пункті салынған болатын жаңадан. Соның аясында Абай ауданы, Архат ауылында жаңадан өрт сөндіру көлігі беріліп отыр. Біздің, жаздың күндері дала өрттері деген болады. Таулы аймақ болғандықтан, жаңа көлік көмегі өте жақсы болады деп ойлаймын.
ҰЛАН ЫСҚАҚОВ, ҚАРАӨЛЕҢ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
Біздің Қайнар ауылына, Қараөлең ауылдық округі, Қайнар ауылына, шалғай жатқан өңір болғандықтан, осы көлік бізге өте қажет еді. Қуаныштымыз. Осындай жаңа көлік беріп жатқанына. Жер үлкен. Біздің жақ таулы аймақ болғандықтан, көліктеріміз ескі болған.

Бұдан бөлек, құтқарушыларға көлік кілттері табысталды. Жедел әрекет етуде жаңа техниканың жөні басқа ғой. Айтпақшы, Төтенше жағдайлар министрі тағы бір ақжолтай жаңалықтың шетін шығарды. Құтқарушыларға қызметтік баспана салу мәселесі қарастырылып жатыр екен.


ЕРЗАТ ЖАНАТҰЛЫ