АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
«Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының
2025 жылғы 12 қазанға тағайындалған Семей қаласының әкіміне кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру үшін
«SEMEI» телеарнасында эфирлік уақыт беруінің жалпы шарттары
«Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес сайлау алдындағы үгіт материалдарын (бұдан әрі - үгіт материалдары) орналастыру үшін «SEMEI» телеарнасында эфир уақытын берудің төлем мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы хабарлайды.
«SEMEI» телеарнасы эфир уақытын «Қазақстан» РТРК» АҚ мен Семей қаласы әкіміне Кандидат арасында жасалатын жазбаша шарт негізінде және телеарна бекіткен монтаж парақтарына сәйкес ұсынады. Сонымен қоса, монтаждау парақтары жазбаша өтініш берілген күні Телеарнада бар техникалық мүмкіндіктерге сәйкес, яғни Телеарнаның эфирлік уақытының жоспарлы уақыт аралығында жарнаманың болуына және/немесе болмауына қарай, Үгіт материалдарының эфирге жоспарлы шығуына дейін күнтізбелік 3 (үш) күн бұрын әзірленеді.
Телеарнада эфирлік уақыт беру төмендегі Үгіт материалдарын орналастыру жолымен жүзеге асырылады:
1) қазақ немесе орыс тілдерінде хронометражы 10 (он) секундтан кем емес бейнероликтер;
2) өзге де Үгіт материалдары.
Кандидаттың не болмаса оның уәкілетті өкілінің «Қазақстан» РТРК» АҚ Абай облыстық филиалының басшысының атына жазған жазбаша өтініші эфирлік уақыт беру туралы шарт жасау үшін негіздеме болып табылады.
Үгіт материалдарының саны, хронометражы, эфирге орналастыру жоспарланған күн мен уақыт Кандидаттың не болмаса оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, кейіннен олар шарт талаптарымен бекітіледі.
Өтініш Кандидаттардың өтініштерін тіркеу журналында, кезектілік тәртібімен, әр жазбаша өтінішке реттік нөмір тағайындау және өтініштің келіп түскен күнін белгілеу жолымен тіркеледі.
Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі керек:
1) Кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
2) Кандидат өкілінің уәкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;
3) өтініш берген тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;
4) шарт жасау үшін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар.
Телеарна эфирінде Кандидаттардың Үгіт материалдарын орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен не болмаса, егер өтініштер бір уақытта келіп түскен жағдайда, жеребе бойынша белгіленеді. Жеребе өткізу тәртібі мен шарттарын «Қазақстан» РТРК» АҚ Абай облыстық филиалы белгілейді.
Егер жазбаша өтініш келіп түскен сәтте, сұратылып отырған уақыт ертерек жүгінген басқа Кандидатқа берілген болса, немесе техникалық мүмкіндіктерге байланысты берілуі мүмкін болмаса, «Қазақстан» РТРК» АҚ Телеарнаның техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып Кандидатқа үгіт материалдарын орналастыру үшін басқа уақыт ұсынады.
Үгіт материалдары Телеарнада эфирге жоспарлы шығуына дейін кем дегенде күнтізбелік 3 (үш) күн бұрын «Қазақстан» РТРК» АҚ Абай облыстық филиалына ұсынылуы тиіс.
Үгіттік аудиовизуалдық материалдар (бейнероликтер) DVCPRO HD немесе XDCAM HD 50 Мбит/сек кодталған форматта, profile 4:2:2, секундына 25 кадр, HD стандартындағы кадр өлшемімен, өрістету түрі interlaced, өрістерді құру жолы: үстіңгі бірінші өріс (top field first) кадрдың қатынасы 16:9, біріктірілген дыбыспен және көрсетілген тайм-кодпен ұсынылады. Аудиосүйемелдеу келесі объективті және субъективті техникалық талаптарға сәйкес болуы тиіс: серпінді диапазон кемінде 40дБ; жиіліктік диапазон кемінде 20Гц-20000Гц; студиялық жазбада бейсызықтық бұрмалау коэффиценті 1%-дан артық емес; сигналдың акустикалық ревербациясы («жаңғырық») болмауы тиіс; сөйлеудің 100% анықтығы болуы тиіс; жазбада бөтен дыбыстар, шулар, кедергілер естілмеуі тиіс; 1-2 дыбыс жолақтары үшін түйістірілген дыбыс (оң және сол дыбыс жолақтары қайталануы тиіс) қажет; 3-4 дыбыс жолақтары үшін ажыратылған дыбыс қажет.
Үгіт материалдар сыртқы тасуыштарда (қатты диск, флеш карта) беріледі.
Электрондық тасымалдағышпен бірге эфирлік уақыт беру туралы шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолы қойылған, Үгіт материалының мазмұны болып табылатын мәтіннің түсіндірмесі, суреттері Үгіт материалдарында пайдаланылған тұлғалардың жазбаша рұқсаттары, ал олар қайтыс болған жағдайда – мұрагерлерінің жазбаша рұқсаттары, жарнамалық материалдарда кәмелетке толмаған балалардың суреттері пайдаланылған жағдайда – ата-аналарының, қамқоршыларының, жанашырларының жазбаша рұқсаттары беріледі.
Үгіт материалдарында олардың төленуі, қаржыландыру көздері туралы дыбыстық немесе визуалды ақпарат болуы тиіс.
Үгіт материалдарын ұсынған Кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, соның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнамаға сәйкес болуына дербес жауапты болады.
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген тәртіп пен талап бұзылған жағдайда, сондай-ақ тиісті шарт талаптары бұзылған кезде Үгіт материалдарын эфирге шығару жүргізілмейді не болмаса бұзушылық жойылғанға дейін тоқтатылады.
Егер Үгіт материалдарында конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, топтық және тектік араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құру идеялары болса, «Қазақстан» РТРК» АҚ Абай облыстық филиалы оларды эфирге шығарудан бас тартады.
«Қазақстан» РТРК» АҚ басқа Кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат болған жағдайда үгіт материалдарын эфирге шығарудан бас тартуға құқылы.
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген Өтініш берушілерге эфир уақытын беру шарттары мен тәртібі «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның эфирлік және редакциялық саясатын, «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның ішкі нормативтік құжаттарын ескере отырып жүзеге асырылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.
Телеарнада Үгіт материалдарын орналастыру құны және тілі
№ Телеарна атауы Орналастыру түрі Орналастыру тілі 1 минуттың құны, теңгеде, соның ішінде ҚҚС
1 «SEMEI» Телеарна Видеоматериалдар Қазақ, орыс 15000
*Қосымша жеңілдіктер қарастырылмаған
Орналастыру құны Телеарнаның барлық қолжетімді хабар тарату орталарында (эфирлік цифрлық, жерсеріктік, сондай-ақ кабельдік операторлар арқылы және Интернет желісінде) трансляциялауды және ретрансляциялауды қамтиды.
Телеарнада үгіт материалдарын таратқаны үшін жасалған шарт бойынша төлем шот берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде төлеуге берілген шот негізінде жүзеге асырылады.
«Қазақстан» РТРК» АҚ Абай облыстық филиалы жазбаша өтініштерді 2025 жылғы 2025 жылғы 12 қыркүйектен бастап 2025 жылғы 3 қазанды қоса алғандағы мерзімге дейінгі аралықта, демалыс және мереке күндерін есептемегенде, сағат 10:00 бастап сағат 18:00 дейін (жергілікті уақыт бойынша), (үзіліс уақыты – сағат 13:00 бастап сағат 14:30 дейін), төмендегі мекенжайлар бойынша қабылдайды:
«SEMEI» телеарнасында орналастыру үшін Семей қ., Шугаев көш., 157.
Жазбаша өтініштер факсимильдік және Интернет байланыс арқылы қабылданбайды.